Әлемдік астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

802

Әлемдік астық экспорты өсті. Ол шашамен 185 млн тоннаны құрамақ. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бірақ ондағы Қазақстанның үлесі керісінше азайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Әлемдік астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Биыл еліміз тек 6,8 млн тонна бидай сатпақ. Бұл былтырғыдан 2 млн-ға төмен. Осылайша, әлемдік экспорттың небәрі 3,8 пайызын құрамақ. Ал бір жыл бұрынғы қазақстандық үлес 5,2 пайыз болатын.

Жалпы биылғы астықтың сапасы жақсы. Қамбаларға құйылған бидайдың 80 пайызы үшінші класқа жатады. Былтыр бұл көрсеткіш 52 пайызды құраған. Осы жылы ұзақ мерзімді резервке Ақмола облысының диқандары айтарлықтай үлес қосты. Өңірден 2 млн 717 мың тонна бидай тапсырылған. Ал Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарынан 1 млн тоннадан астам астық құйылған.

Қазақстандағы тауар биржаларына неге сұраныс жоқ?

Министр тауар биржаларының жақсы жұмыс істеуі – көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге және тауарларға тиісті нарықтық бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты. Яғни өндірушілер өнімдерін биржаға шығарса, сіз бен біз тұтынатын тауарлардың құнын реттеуге, сапасыз өнімдерден құтылуға мүмкіндік жасайды.

Нақты механизмін білу үшін телеарна Сауда және интеграция министрлігіне хабарласқан еді, бірақ жауап ала алмады. Ол ол ма, тауар биржасында жұмыс істейтін өндірушілерді де табу оңай болмады. Яғни, еліміздегі тауар биржаларына сұраныс жоқтың қасы. Неге? Бұл туралы мамандар пікір білдірді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу