Әлеуметтік мәселелер бойынша "жедел желі" іске қосылды

864

Әлеуметтік мәселелер бойынша "жедел желі" іске қосылды

ШҚО-да қоғамдық кеңестің жұмыс сараптама тобының қоғамдық қабылдауы белсенді жұмыс істеуде. Әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша халықпен тікелей байланыс тиімділігі үшін "Жедел желі" ашылды, - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Енді ШҚО-ның әрбір тұрғыны "жедел желі" телефоны бойынша жүгіне алады немесе жұмыс тобы мүшелерінің белгілеген күнінде кездесе алады, денсаулық сақтау, экология, азаматтар құқықтары саласына қатысты өзекті, проблемалық сұрақтарды қою мүмкіндіктері бар.

"Жедел желінің" телефоны 8 (7232) 57-89-56. Қоңыраулар жұмыс күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады, деп хабарлады ақпараттық орталықта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу