Алматылықтар үйлеріне қардан тазартылған жолмен қайтатын болады. Бұл жайында Алматы қалалық табиғи ресурстар басқармасының жетекшісі Эльдар Келдібаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Қорқынышты ештеңе бола қойған жоқ. Әдеттегідей қар жауып тұр, уақыты келді", – деді ол.
Оның айтуынша, түнгі 1-де басталып, тағы 6-ға дейін толассыз жауған қар коммуналдық шаруашылықтарға қиындық туындатуда.
"Қар нормаға сәйкес 5 сантиметр түскенде біз алғашқы сеппе жасадық. Одан кейін сағат 3-те сыпырып шықтық. Өйткені, жолдарды тағы қар басып қалды. Осыдан кейін біз тағы да сеппе жасап, таңғы 6-да тазалап алдық", – деді басқарма жетекшісі.
Оның атап өтуінше, жолдардағы қоймалжың қар мен геагенттердің араласуынан пайда болған.
"Қар өзінің жабысқақтығын жоғалтып, лайлана бастады. Одан қорқу қажет емес. Көктайғақ жоқ, дөңгелек тежегіші жол бойында жақсы ұстайды. 18-00-ге қарай қардың жаууы тиылады деп күтілуде және біз барлығы да үйлеріне тазаланған жолмен барады деп нық сеніммен айта аламыз", – деді Келдібаев.