Алматыда "Байсат" базарында орын алған оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталды

998

Алматыда "Байсат" базарында орын алған оқыс оқиғаға қатысты тергеу басталды

Алматы полициясы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кешенді шаралардан соң процессуалды шешім қабылданады", – деп хабарлады қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетсек, оқиға 20 қарашада болды. Алматы ТЖД-ның ақпаратына сәйкес ("Байсат" базарында ыдыс-аяқ сататын қатары) аумағы 720 шаршы метр сауда контейнерлері арасын жауып тұратын темір аспа қираған. Екі адам "103" қызметіне медициналық көмекке жүгініп, олар ауруханаға жеткізілген.  Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабековтың хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі ауруханаға жатудан бас тартты, екіншісі №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

"Оның білегі сынған. Пациент учаскелік дәрігерлердің бақылауындағы амбулаториялық ем алуға жіберілді", – деді Н.Исабеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу