Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы негізсіз қымбаттаған

1328

Шаһардағы дүкендердің тең жартысы тексерілді.  

Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасы негізсіз қымбаттаған

Мұндай жұмыс мегаполистегі шағын дүкендердің жартысына жуығында жүргізілді, деп жазды inbusiness.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында шаһар әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов мәлім етті. 

Алматыда барлығы 3 583 В, С санатты азық-түлік дүкені жұмыс істейді: Алатау ауданында – 500 дүкен, Алмалы ауданында – 395, Әуезов ауданында – 605, Бостандық ауданында – 488, Жетісу ауданында – 400, Медеу ауданында – 325, Наурызбай ауданында – 350, Түрксіб ауданында – 525 дүкен бар.

"Қала әкімдігі аудандық әкімдіктермен және "Nur Otan" партиясының өкілдерімен бірлесіп күн сайын 1 773 дүкенде әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша мониторинг жүргізеді. Бұл жалпы санының жартысына жуығын құрайды. Мониторинг қорытындысы бойынша 7 ауданның (Түрксіб ауданынан басқа) 61 дүкенінде ӘМАТ бағасының негізсіз өсу фактілері анықталды", – деді спикер.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде азық-түлік тауарларының келесі түрлерінің бағасы төмендеді: күнбағыс майы 15%-ға (920-дан 780 тг/л); сүт өнімдері 5%-ға (айран 315-тен 300 тг/л, сүт 295-тен 280 тг/л); әлеуметтік нан 10%-ға (100-ден 90 тг/л); 1 сұрыпты ұн 10,2%-ға (245-тен 220 тг/кг-ға дейін); 6,2% (490-дан 460 тг/ондыққа дейін); қант 5,7%-ға (350-ден 330 тг/кг-ға дейін).

"Қалған 1 810 дүкен бойынша жұмыс биылғы жылдың қаңтар айының соңына дейін жүргізіледі. Мониторинг бойынша жұмыс тұрақты негізде жалғасады", – деп атап өтті қала басшысының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу