Алматыда бір түнде 75 көлік апаты болды

1054

Алматыда бір түнде 75 көлік апаты болды

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Алматы полициясы азаматтарды жол үстінде аса мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды қалалық ІІД сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

"Біз барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жалпыға ортақ ережелерді сақтауға шақырамыз. Қазіргі ауа райында бұл өте маңызды,  әсіресе жүргізушілер қала жолдарында аса мұқият болып, көлік құралын қыс мезгіліне кешіктірмей дайындағаны жөн. Өткен түннен бері Алматыда 75 жол-көлік апаты тіркелді, 17 адам түрлі жарақат алды", – деп хабарлады Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Мекеме бұл күндері қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы өтіп жатқанын еске салды. Атап өткен жөн, түнде Алматыда қар жауып, таңертең қала жолдарындағы кептеліс ұлғайды. Алматы әкімдігінің ресми Instagram аккаунты түннен бері үздіксіз жүріп жатқан қар тазалау жұмыстарының видеоларын жариялады. Көктайғақты болдырмау үшін жолдарға хлорид құмы себілуде. Күні кеше қала билігі қалың қар жауады деп ескерткен еді. Олар тұрғындарға ауа райы болжамынан үнемі хабардар болып, жұмысқа қоғамдық көлікпен баруға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу