Алматыда құны 250 млн теңге тұратын жалған дәрілік препараттар тәркіленді

937

Антибиотиктер мен витаминдер жасырын цехта жасалған.  

Алматыда құны 250 млн теңге тұратын жалған дәрілік препараттар тәркіленді

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған дәрілік препараттарды дайындау бойынша ірі астыртын цех құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Жедел іс-шаралар нәтижелері бойынша, барлығы 60 000 астам қапталған "Ротоцеф", "Солкасерил", "Кальций Д3 никомед", "Цераксон" және т.б. сауда атауларымен шыққан күмәнді дәрілік препараттар тәркіленген.

"Covid-19 пандемиясы кезеңінде болған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласы бойынша департамент қызметкерлері дәрілік препараттарға арналған қорапшаларды дайындайтын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма, сондай-ақ одан әрі тексеру кезінде Алматы облысының Іргелі кентінде астыртын цех анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады", – деп жазылған ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 262-бабы 1-бөлігі (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, оларға қатысу), ҚР ҚК 323-бабы 3-бөлігі (жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу) бойынша кінәлі деп танылды. "Оларға 5,6 жылдан 7,6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу