Алматыда өткен аптада 52 адамды кене шаққан

558

Оңтүстік астанада күн жылынғаннан бері кене шағып, медициналық көмекке жүгінген науқас саны өскен. 

Алматыда өткен аптада 52 адамды кене шаққан Фото: ВКонтакте

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматолог-ортопед дәрігері Қанат Тезекбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Өткен аптада ғана 52 науқас мамандардың көмегіне жүгінді, оның 23-і бала. Көбінесе кене шағу жағдайлары қала маңы мен тау баурайында болған", - деді спикер Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қанат Тезекбаевтың сөзінше, егер кене денеге жабысып қалған кезде  дәрігерге жүгіну мүмкіндігі болмаса, дәріханада немесе кез келген басқа жерлерде сатылатын қысқышы бар арнайы пинцет қолдану қажет.

"Кенені барынша жабысқан жерінен  ұстау керек, пинцетті тістеген жерінен  перпендикуляр ұстаңыз, кененің денесін айналдырған күйі алу керек. Көп ұзамай кене де теріден өздігінен шығуы керек. Кенелер адамның тері тіндері ең жұмсақ жерлерін шағады. Әсіресе, құлақтың сырт жағын, мойынды, бастың шашы бар бөлігін, шынтақтың ішкі жағын, қолтық астын, ішті, шап маңайын, жіліншіктің ішкі жақтарын, тізе астын", - деді спикер.

Маманның сөзінше, ауру ешкі мен сиырдың шикі сүтін ішу арқылы да жұғуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу