Алматыда жалған риэлторлар көбейді

754

Жалға пәтер іздеу жүйелерінде айына 1 мыңнан астам алаяқтың жеке кабинеті өшіріледі.

Алматыда жалған риэлторлар көбейді

Алматыда жалға пәтер іздегендерге баспана тауып беремін деп, алдап кететін алаяқтарды әкімшілік кодекс бойынша жазалау ұсынылды. Бұл мәселе Алматы кәсіпкерлер палатасы мен Бірікке Қазақстан риелторлары қауымдастығы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысынды жан-жақты талқыланды.  Бұл ретте  қауымдастық президенті Лариса Степаненко мұндайларды риэлторлар деп атамауды сұрады.

"Алматыда жалға пәтер іздегендерге баспана тауып беремін деп алдап, алдын ала 15-20 мың теңге сұрап, кейін қашып кететін алаяқтар пайда болды. Олар өздерін жылжымайтын мүлік бойынша мамандар немесе риэлторлар деп таныстырады. Алайда ондай адамдарды риэлторлар деп атамау керек. Біздің қауымдастығымызға осындай алаяқтардан жапа шеккен оннан астам жәбірленуші хабарласты. Алайда олар берген ақшалары айтарлықтай көп болмағандықтан құқық қорғау органдарына хабарласпайды",– деді Лариса Степаненко.

Сонымен қатар қауымдастық президенті қызмет көрсетемін деп ақша алып, алдап кеткендерді әкімшілік кодекс бойынша жауапқа тартуға болатынын айтады.

 "Жалпы еліміз бойынша осындай алаяқтардан жапа шеккен 200 жуық адам құқық қорғау органдарына шағымданған. Оларды әкімшілік кодекс бойынша жауапқа тартуға болады. Сондықтан халық арасында азаматтық белсенділікті дамыту керек",-дейді Лариса Степаненко.

Ал елімізде жалға пәтер іздегендердің басым бөлігі жүгінетін "Крыша КЗ" порталының жетекшісі Севиль Дарган желіде айына орта есеппен жалған хабарландыру жариялаған 1 мыңға жуық адамның жеке кабинеті өшірілетінін айтады. Әйтседе алаяқтар ай сайын жаңа аккаунт ашып, халықты алдауды доғарар емес.

"Қазір порталда жылжымайтын мүлікті сату мен жалға беру бойынша 318 мың хабарландыру бар. Олардың ішінде мамандарымыздың тексерісінен өткен 2 мыңға жуық сенімді агенттіктердің хабарландыруларын атауға болады. Ал жаңадан тіркелген немесе пәтері тым арзан бағалағандар бірден біздің назарымызға ілігіп, тексеріледі. Тек ақпан айында біз  порталымыздан 1177 алаяқтың жеке кабинетін өшірдік",– деді Севиль Дарган.

Кәсіпкерлер палатанысың құқықтық сұрақтар бойынша директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов Экономика министрлігіне алаяқтарға тосқауыл болатын ұсыныстар әзірлеуді ұсынды.

"Ұсыныстарды әзірлеп Экономика минстрлігіне жіберуіміз керек. Егер министрлік қолдаса арнайы құқықтық-номативтік құжат дайындау бойынша жұмыс тобы құрылады. Нәтижесінде бұл саланы жан-жақты қадағалай аламыз",– деді Айтуар Қошмамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу