Апат салдарынан Алматының бірнеше шағын ауданы жылу беру жүйесінен ажыратылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Алматы жылу желілері" ЖШС хабарлауынша, жылу беру желілеріндегі апаттық жұмыстарға байланысты 18 қараша күні 8:00-20:00 аралығында Саин-Марғұлан-Сәдуақасов-Ұлықбек көшелері мен Қалқаман шағын ауданындағы тұрғындар жылу беру жүйесінен ажыратылады", – делінген "Алматы жылу желілері" мекемесінің хабарламасында.
"Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр және келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу