2017 жылғы 13 маусымда Ашғабад қаласында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен "Орталық Азияда БҰҰ терроризмге қарсы Жаһандық стратегияны жүзеге асыру" тақырыбында БҰҰ – Орталық Азия жоғары деңгейдегі диалогы өтті. Қазақстандық делегацияға сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев басшылық етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Іс-шара өңірлік деңгейде рет қабылданған алғашқы құжат болып табылатын аталған стратегияның Орталық Азияда имплементациялау бойынша бірлескен жоспарды орындауды шолу шеңберінде ұймыдастырылды.
А. Гутерриштің сөз сөйлеуінде халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға недәуір үлес болып табылатын Орталық Азия өңірінің халықаралық терроризмге қарсы күрес ісіндегі бірлескен жігеріне жоғары баға берілді.
Өз кезегінде Ғ. Қойшыбаев жекелей қарсы тұруға мүмкін емес осы жаһанық жамандықпен күрестегі барлық БҰҰ мүше-мемлекеттердің ұжымдық жігерінің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ның орталық ролінде терроризммен күрес бойынша халықаралық жігерді нығайту бойынша әсерлі шаралар кешенін көздейтін БҰҰ қамқоршылығында жаһандық терроризмге қарсы коалициясын құру жөніндегі бастамасына аса назар аударылды.
Іс-шара барысында Орталық Азия мемлекеттері бірлескен жігермен БҰҰ жаһандық терроризмге қарсы стратегияны жүзеге асыруға ұстанымын қайта қолдап, іс-шараның қорытындысы бойынша Ашғабад декларациясын қабылдады.
БҰҰ жаһандық терроризмге қарсы стратегиясы 2006 жылғы 8 қыркүйекте барлық БҰҰ мүше-мемлекеттері тарапынан қабылданғанын және терроризммен күрес бойынша ортақ тәсілдерді қамтитынын атап өту қажет.