Министрлік оларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың да, жалпы министрліктің де функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін қайта қарауды ұсынады.
Процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру саласында министрлік "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру" (ӨИС) жүйесінің функционалын кеңейтуді, Жануарлар сырғаларын сканерлеуді жедел режимде жүргізуге мүмкіндік беретін мобильдік қосымшаны әзірлеуді жоспарлап отыр.
Бұл ретте қосымшада жануардың жеке нөмірімен (ЖСН) байланыстырылған қажетті мәліметтер (жануардың карточкасы) және ветеринариялық іс-шаралар, сондай-ақ жоспарланған рәсімдер туралы автоматты хабарлама толтырылады. Қосымшаның дербес режимде жұмыс істеу мүмкіндігі болады (интернетке қолжетімділік болмаған жағдайда) және интернет пайда болған кезде деректер автоматты түрде ӨИС-ке берілетін болады.
Сонымен қатар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне ветеринариялық анықтамалар, сертификаттар, рұқсаттар беру бөлігінде "Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің" функционалын кеңейту жоспарлануда.
Ветеринариялық препараттарды қолдануды реттеудің жаңа ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр, ветеринария саласындағы есептілік және мемлекеттік бақылау мен қадағалау, ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу процестері (ветеринариялық препараттарға қажеттілік) автоматтандырылуда.
Ветеринариялық препараттардың деректер базасы құрылады. Онда келіп түсу, бөлу және оларды пайдалану бойынша есеп жүргізіледі.
Кадрларды даярлау саласында министрлік барлық оқу орындарында ветеринария мамандықтары бойынша білім берудің бірыңғай бағдарламасын енгізуді, ветеринариялық мамандықтар үшін ауылдық квотаны 70%-ға дейін арттыруды, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде тек оқу орны бойынша ғана емес, "Серпін" жобасы бойынша Қазақстанның басқа да еңбек күші тапшы өңірлерінде түлектердің жұмысты өтеуіне мүмкіндік беруді ұсынады.
Сондай-ақ Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының жер үсті жануарларының денсаулығы Кодексінің ұсыныстарына сәйкес, ветеринариялық статуарлық орган құру жоспарланып отыр.
"Ветеринария саласындағы мамандардың жалақысын көтеру ведомствоның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, онсыз қызметтің тартымдылығын арттыруға қол жеткізу мүмкін емес. Қазіргі уақытта осы мәселені шешудің бірнеше жолы ұсынылады. Атап айтқанда, ветеринариялық іс-шараларды өткізу бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қайта қарау, ақылы қызмет түрлерінің көлемін ұлғайту, ветеринариялық дәрігерге жүктеме нормативін бекіту. Ұсынылып отырған шаралар Парламент Сенаты депутаттарының, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Білім және ғылым ұйымдарының, бизнестің, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен түрлі алаңдарда талқыланады", – деп жазылған ведомство сайтында.