Сәуір айының бірінші онкүндігінде "Ашық диалог" порталы арқылы мемлекеттік органдарға келген азаматтардың барлық өтініштері "Е-Өтініш" электронды үкімет алаңына көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Бұдан былай қазақстандықтардың шағымдарын әлеуметтік желілерді бақылау арқылы ғана көруге болады.
Соңғы өзгерістерге сәйкес, министрлер және әкімдермен тікелей кері байланыс жасырын форматта жүзеге асырылады, жауапты тек адресат көреді.
Ішкі істер министрлігі шенеуніктермен диалогты жабық режимге көшіруді екі жыл бұрын талап еткен. Басты аргумент – сканерленген құжаттар арқылы жеке деректердің желіде тарауы. Интернеттегі алаяқтар мұны пайдалануы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік органдар заманауи цифрлық технологиялар мәліметтерді ашық жариялау кезінде жеке деректерді кодтауға толық мүмкіндік барын ескермеген. Сондай-ақ, пайдаланушылар egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы шенеуніктерге жария емес үндеу жібере алатыны тағы бар.
Бір портал арқылы қоғам мен үкімет арасындағы ашық диалог идеясын толығымен жоққа шығарған инновациялардың ресми бастамашысы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі болды. Жаңартылған ереже жобасына берілген түсініктемелерде айтылған сынға жауап ретінде ведомство мамандары бұл жаңа бастама емес, "бұл түзетулер төменгі нормаларды жоғары тұрған заңнамалық актілерге сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін қажет" деп жазды.
Шын мәнінде, біз 2022 жылдың 30 желтоқсанында енгізілген "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңға енгізілген соңғы өзгерістер туралы айтып отырмыз.
"Мемлекеттік органдарға блог-платформа арқылы келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес ЭСҚ-мен куәландырылмағандықтан, Бас прокуратураның бақылауына және есепке алынбаған", - деп жазылған құжатта.
"Е-Өтініш" порталында мұндай бақылау қарастырылған.
Finprom.kz редакторлары "Ашық диалог" блог-платформасының 2012 жылдан бергі жұмысын сараптап, қазақстандықтардың шенеуніктермен қарым-қатынастың бұл түріне қаншалықты қанағаттанғанын бағалады. Көрсетілген мерзімде қазақстандықтар платформа арқылы 483,3 мың өтініш берген. Оның 96,1%-ында жауап алынған.
Өтініштердің ең көп саны Ішкі істер министрлігіне келген: 68,5 мың хат.
Халық алаяқтардан қорғану үшін көмек сұрап, қылмыстық істі қарау кезінде тергеушілерге шағымданды. Айта кетерлігі, өтініш білдіргендердің барлығы дерлік жауап алды.
Екінші орында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ). Осы он жылдан астам уақыт ішінде "Ашық диалог" сайты арқылы ведомствоға 65,7 мың хат келіп түсті. Оның 94,5%-ына жауап берілген.