Әскери полицияға 23 жыл толды

956

Кеңес үкіметі кезінде осындай орган болған жоқ.  

Әскери полицияға 23 жыл толды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 22 сәуірде "Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойғаннан бастап Қазақстан әскери полициясының тарихы басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш Жарлықпен құқық қорғау органдары жүйесін реформалау мәселелерін қарау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.

Қысқа мерзімнің ішінде әскери полиция туралы ереже әзірленіп, бекітілді. Оған сәйкес Қарулы Күштер құрамындағы құрылған орган өз міндеттері мен функциялары берілді.

Функцияның бірінші кезеңдерінде олардың міндеттері әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, патрульдеумен, әскери қызметшілерді іздестірумен және әскери қылмыстарды анықтаумен шектелді. Әскери полиция органдары қойылған міндеттерді орындауға білек-сыбана кірісіп кетті. Нәтижесінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың саны қысқарды.

Тәжірибе жинай келе әскери полицияның міндеттері мен функцияларының ауқымы кеңейтіле бастады. Ол Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өкілеттікке ие болды. Енді оның құзырына бұрын гарнизон бастықтарының қарамағында болған гауптвахталар берілді. Кинологиялық қызметтің пайда болуы маңызды болды. Оны талап етілетін жоғары деңгейге шығару үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Қазір кинологтар мен қызметтік иттердің кәсібилігі Қазақстанда танылып, халықаралық деңгейде бағаланды. Оған әскери халықаралық ойындардағы кинологиялық бөлімшелер арасындағы "Адал дос" сайысында ие болған жүлделі орындары дәлел болып отыр.

2019 жылдың тамызында әскери полиция органдарының қызметі әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен толықтырылды. Осы мақсатта жеке басқарма құрылды, оған барлық әскери бөлімдерде, жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызмет қауіпсіздігін бақылау бойынша міндеттер, сондай-ақ барлық ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жүктелген. Бақылау шаралары барысында осы басқарманың қызметкерлері әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе жергілікті халыққа, залал келтіре алатын әскери қызметтің барлық салаларын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша әскери полиция бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар беріп, кейін қайта бақылау жүргізеді.

Қазақстан әскерінің күнделікті қызметін әскери полицияның қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Оның қызметінің оң нәтижелері елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады. Бүгінгі күні төтенше жағдай режимі мен Қазақстанда қабылданған карантиндік шаралар жағдайында әскери полиция Қарулы Күштердің басқа бөлімшелерімен қатар қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысуда. Тәжірибелі әскери полиция қызметкерлері блокбекеттерде қызмет атқаруға, елді мекендерді бірлесіп патрульдеуге қатысуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу