Әскерилердің жалақысы екі жылда 60%-ға өседі

1209

Мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 13%-ға өсті. Ал олардың сатып алу қабілеті 5%-ға артты.

Әскерилердің жалақысы екі жылда 60%-ға өседі

2021 жылдың екінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, аталмыш салаларда 483,8 мың адам жұмыспен қамтылды, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,6%-ға аз.

Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Алматы облысында: 74 мың адам. Одан кейін Шығыс Қазақстан (50,7 мың адам) мен Жамбыл (41,9 мың адам) облыстары да көш бастап тұр.

Жұмыспен қамтылғандардың ішінде көбірек табыс табатыны міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы жұмыскерлер: 566,8 мың теңге (12%-ға өскен). Мемлекеттің жалпы қоғамға қызмет көрсету саласының қызметкерлері 207,3 мың теңге (жылына 2,4%-ға өскен), мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық басқару қызметкерлері — 196,7 мың теңге (8,2%-ға өскен) мөлшерінде орташа айлық жалақы алды.

Өңірлік бөліністе сектордағы ең жоғары жалақыны елорда қызметкерлері алды: 359,8 мың теңге (20,7%-ға өскен). Жетекші өңірлер үштігінде Алматы (231,5 мың теңге, 12,4%-ға өскен) және Маңғыстау облысы (217,4 мың теңге, 21,5%-ға өскен) бар. Ең төменгі жалақы Ақмола облысында байқалды (162,8 мың тг, 4,4%-ға өскен).

Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы алдағы екі жылда 60%-ға артады. Биылдан бастап лауазымдық жалақы 35%-ға өседі. Әскери қызметшілердің барлық санаты үшін тұрғын үй мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. ТМД-ның басқа елдерімен салыстырса, қазақстандық әскери қызметшілердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті болып есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу