Астана ІІД екі оқушыны "ұрлап" кеткендігі туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді

919

Астана ІІД екі оқушыны "ұрлап" кеткендігі туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді

Астана қаласының Ішкі істер департаменті 6 желтоқсан күні әлеуметтік желі мен WhatsApp қосымшасы арқылы тараған №68 мектептің екі оқушысын ұрлап әкетті деген ақпаратты тексерді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Құрметті ата-аналар! Жаңа ғана №68 мектепте екі баланы ұрлап әкетті. Балаларды екі көлікке салып алды. Бір оқушы бала "Темеш" дүкеніне қашып кеткен. Полиция келді. Абай болыңыздар, балаларды өздеріңіз алып кетіңіздер" деген ақпарат WhatsApp қосымшасы арқылы тез тарап кетті. "Хабарламада айтылған факт тексеру кезінде расталған жоқ. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, ата-аналардан, төрт баладан сұрақ алды. Тергеу барысында анықталғаны, балалар жолды тыйым салған жерден кесіп өтпек болған. Сол кезде балалардың бірі жол үстінде құлап қалған. Құлаған балалардың жанына бір көлік келіп тоқтайды, ол көліктің жүргізушісі бір оқушының туысы екен. Туысы болған соң, балаға ұрысады. Екі оқушы қашып кеткен. Сол баланың бірі қорқып қалғанын ата-анасына айтса керек", - деп хабарлады Астана қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Ішкі істер департаменті, сондай-ақ, жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу