17 маусым 17:00-де "Керуен" СОСО Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен "Егер ұмытсам, сыбырла" атты түрік фильмін тегін көрсетеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Фильм апалы-сіңлі Хатидже және Ханифенің өмірінің желісі бойынша өрбиді. Измир қаласында түсірілген киноның режиссері - Чаган Ырмак.
- Фильм Түркияда көптеген марапаттарға лайық деп танылған. "Егер ұмытсам, сыбырла" әнін жазған Кенан Догулуға "Фильмдердегі ең үздік музыка" жүлдесі берілген. Ал көркемдік жетекшісі Сойдан Куш "Ең үздік көркем фильм" жүлдесін жеңіп алған. Айтпақшы, фильмдегі рөлдердің бірін Қазақстанға белгілі актер Мехмет Гунсур ойнайды. Көрермендер оны "Керемет ғасыр" сериалы арқылы таниды. Онда ол Шехзаде Мустафаның рөлін сомдаған болатын, - дейді көрсетілімді ұйымдастырушылар.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары "Егер ұмытсам, сыбырла" фильмін 17 маусым сағат 17:00-де "Керуен" СОСО №4 кинопаркінен тамашалай алады.