Астанадан ұшуға тиіс болған "Air Arabia"-ның рейсі кейінге қалдырылды

810

Астанадан ұшуға тиіс болған "Air Arabia"-ның рейсі кейінге қалдырылды

Қатып қалған есіктің кесірінен Астанадан Біріккен араб әмірліктеріне ұшатын рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды 24.kz.

Астана-Шарджа бағытындағы ұшақ бүгін таңғы 4:55-те шығуға тиіс болған. Келеңсіз жағдайға байланысты жолаушылар енді рейсті 10 сағат бойы күтуге мәжбүр.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, "Air Arabia" әуе кемесіндегі техникалық ақауды жоюға "Air Astana" компаниясы көмектесіп жатыр. Сонымен қатар қазіргі таңда "Air Arabia" әуе компаниясы жолаушыларды қонақүйлерге орналастыру мәселесін қолға алды.

"Рейс техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Яғни жүк салғыштың люгі қатып қалды. Сол себепті ұшу уақыты сағат 19.00-ге ауыстырылды. Ұшақтағы ақаумен қазір "Air Astana" компаниясынының әуе кемелеріне қызмет көрсетуші мамандар айналысып жатыр", - деп хабарлайды "Астана халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметкері Салтанат Күндебаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу