Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының Конституциялық палатасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Судьялар жиналыс бөлмесінен шыққан соң шешімді жариялады.
Сот алқасы Қырғызстан Республикасы Конституциялық палатасы "Қырғызстан Республикасы Президентінің қызметіне кепілдік беру туралы" Заңға өзгеріс енгізу заңын қабылдау Қырғызстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтінін шешті.
Алайда Конституциялық палата президент акті арқылы экс-президентке берілген кепілдікті алып тастай алатынын конституцияға қайшы деп шешті. Судья бұл шешімнің түпкілікті және шағымдануға жатпайтынын атап өтті.
Процесс судья Қарыбек Дүйшеевтің төрағалығымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, оған Эмиль Осконбаев, Чинара Айдарбекова, Мұқамбет Қасымәлиев, Жедігер Саалаев, Қуанбек Қырғызбаев, Айсалқын Нарынбеков, Чолпон Осмонова қатысып жатыр.