Атырауда полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 14 ақпан күні Атырау-Доссор автотрассасының бойында екі полицейді құрықтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Олардың қолында тиым салынған есірткі заттары болған. Қазіргі күні тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Күдікті тұлғалар ҚР ҚК 128 бабы бойынша ұсталды, олар ҚР ҚК 297 бабының 3 бөлігінде қарастырылған заң бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс тіркеліп отыр", - деп хабарлайды облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерген Төлемісов. Аталған баптың бөлігі "ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған іс-әрекеттер" бойынша жазалауды қарастырады.
Құралай Қуатова