Ауыл экономикасын дамыту картасы әзірленеді

1819

3 477 ауылды дамытуға басымдық беріледі.  

Ауыл экономикасын дамыту картасы әзірленеді

Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдің сөзінше, ауылдардағы жолдардың сапасы сын көтермейді. Инженерлік желілер тозған, ал білім беру, денсаулық сақтау нысандары кісі шошырлық жағдайда. 

"Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында ауылды дамытудың кешенді тәсілін қолдануды ұсынамыз. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен "Ауыл – ел бесігі" жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізіледі. Сонымен бірге "Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, "Бизнестің жол картасы-2020", "Еңбек" және басқа да қолданыстағы бағдарлама аясында кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады", – деді Роман Скляр.

Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, даму әлеуеті бар 3 477 ауыл іріктеп алынған. Оларды дамытуға басымдық беріледі. 

"Барлық ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылады. Әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіледі. Жалпы, барлық шаралар кешені ауылдарды одан әрі серпінді дамытуды қамтамасыз етеді", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, тірек және спутниктік ауылдарды 2027 жылға дейін дамыту кестесін әзірлеу қажет. 

"Ауыл – ел бесігі" және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында әрбір ауылды қаржыландыру көлемі мен көздерін анықтау керек. Ауыл экономикасын дамыту картасын әзірлеп, тиісті жобалық құжаттама дайындау қажет", – деді Роман Скляр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу