Аягөз – Семей тас жолында жолаушылар автобусы жанып кетті

973

Аягөз – Семей тас жолында жолаушылар автобусы жанып кетті

Аягөз – Семей тас жолында жолаушылар автобусы өртенді. Оқиға Жарма ауданында болған. Жүргізуші жолаушыларды басқа көлікке отырғызып үлгерген, деп хабарлайды Today.kz.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, автобус екінші сәуірге қараған түні сынып қалған. Жолаушылар басқа көлікпен Семейге жеткен. 

"Жүргізушілер автобусты жөндеу үшін қалған, Аягөзге қайтадан жолға шыққанда, көлікте от тұтанған. Ең жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінің өзі 70 километр қашықтықта болған, өрт сөндірушілер көмекке жеткенше автобус жанып кеткен", – дейді ТЖД-ден. 

Жәбірленушілер мен құрбандар жоқ. Мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу