Бәйшешектер мен қызғалдақтарды жұлуға болмайды

"Қызыл кітапқа" енген гүлдерді жұлғандарға айыппұл салынады.  

Бәйшешектер мен қызғалдақтарды жұлуға болмайды Фото: inbusiness.kz

Алматы тауларында бәйшешектер гүл ашты. Жақында көкнәр мен басқа да өсімдіктердің гүлдейтін кезең басталады.

Ж.Жиембаев атындағы өсімдік қорғау және карантин ҚазҒЗИ өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мұхамадиев көктемнің басталуымен азаматтарымыздың үйдегі басқосулардан гөрі табиғи аумақтарда серуендеуді көбірек таңдайтынын айтты. Алайда, маманның айтуынша адамдар табиғи саябақтарда белгілі бір ережелерді ұстану керектігін естен шығармаған жөн. Биология ғылымдарының кандидаты қаланың әдемі флорасы мен фаунасына зиян тигізбей, одан эстетикалық ләззат алуға шақырды.

"Біз фитосанитарлық қауіпсіздікпен айналысамыз. Қалада "Қызыл кітапқа" енген емен ағаштары өседі. Олар зиянкестерден қорғауды және емдеуді қажет етеді. Қаламызда және тау бөктерінде эндемикалық қылқан жапырақты ағаштар - шренка шыршасы өседі, ол тек біздің тауларда өседі. Қала кеңейіп, шаруашылық және құрылыс жұмыстарына байланысты қар астынан шығатын бәйшешектердің маңызы арта түсті, олардың өсетін  аймақ тарыла бастағаннан кейін олар іс жүзінде жойыла бастады. Көктемнің келуімен көптеген демалушылар табиғатқа шығып, гүл жарған бәйшешектерді кесіп алады. Бәйшешектер түйін түрінде, тұқымдармен таралатындықтан, олар көбейіп те үлгермейді. Бәйшешектерден бөлек, крокустар мен ирис гүлдері де жойылу алдында тұр. Бұл өсімдіктердің барлығы қорғауды қажет етеді", - деді Нұржан Мұхамадиев өз баяндамасында.

Ғалым оларды қорғау үшін тек биологиялық құралдар қолданып, дәрі-дәрмекпен өңдеп қана қоймай,  сонымен қатар тау бөктерінде буферлік және қорғалатын аумақтар құруды ұсынып отыр, соның арқасында Алматы мен Іле Алатауының табиғатының биологиялық әртүрлілігін сақтауға болады. Бұл жерлерде сирек кездесетін ағаштар мен гүлдер көбейе алады. Осындай аймақтардың арқасында қызғалдақтарды сақтау да мүмкін болады.

Қазақстан қызғалдақтардың отаны болып саналады. Олар 10 млн жыл бұрын Тянь-Шань тауының бөктері мен қазіргі Қазақстан аумағында пайда болған. Дәл осы жерден қарапайым, бірақ ерекше гүлдер бірте-бірте бүкіл әлемге тарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу