Бақытжан Сағынтаев: Сауда барысындағы кедергілерді алып тастауға ақылмен қарау керек

866

Бақытжан Сағынтаев: Сауда барысындағы кедергілерді алып тастауға ақылмен қарау керек

Тараптар арасында 60-тан астам кедергілерден тұратын тізім мақұлданған. Сондықтан сауда барысындағы кедергілерді алып тастауға ақылмен қарау керек, деп атап өтті Қазақстан республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астанада басталған Еуразиялық үкіметаралық кеңесте. Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.

"Жалпы экспорт көлемінде үшінші мемлекетке дайын тауар жеткізу бойынша өсім байқалады. Қазақстанда ЕАЭО елдерімен бірлескен 8 мыңға жуық кәсіпорын тұрақты жұмыс істеуде, менің ойымша бұл жақсы көрсеткіш және де бірлескен  кәсіпорындар тізімін одан ары кеңейтуге қуанышты боламыз", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Атап өтер болсақ, ЕАЭО-ның Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы 2015 жылдың мамыр айында жасалған алғашқы келісім өз жемісін беруде.

"Вьетнам елінен келетін тауарларға баж салығын алып тастау арқылы біз осы елмен сауда-саттықты айтарлықтай арттырдық. Аталмыш бағыттағы алғашқы оң тәжірибе шет мемлекеттермен сауда-экономикалық байланысты орнатуда мықты негіз болады. Өткен жылы Жоғарғы кеңесте мүше-мемлекеттер келісім жасауға мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастық орнату мақсатында келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданды. Олар Иран, Үндістан және Сингапур", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, Иран бойынша келіссөздер қыза түсуде.

"Алайда ЕАЭО-ның ішкі нарығында кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек. Бүгінде 60-тан астам кедергілерден тұратын тізім жасалынып, мақұлданған.  Қазіргі таңда "Жол картасын" жасақтау және жою жұмыстары жүргізілуде. Кеңестің келесі отырысында Жол картасын қарастыру қажет деп ойлаймын. Кедергілерді алып тастауға ақылмен қарау керек, ал біз кедергілерді тек қағаз жүзінде алып тастауға ұмтыламыз", - деді Қазақстанның премьер-министрі.

ҚР премьер-министрі келелі кеңесте атап өткендей, уақыт бір орында тұрмайды, сондықтан жұмыстарды жалғастырып, өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу