Баспаханалардың жауапкершілігі күшейді

701

Оқулықта қате кетсе, баспахана оны өз есебінен түзейді.

Баспаханалардың жауапкершілігі күшейді

БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсенбаев "Әліппе" оқулығының мазмұны" атты сараптамалық баспасөз мәслихаты кезінде оқулықтардағы қателіктер мәселесін сөз етті.

Оның айтуынша, қазір терминдерге, сөздікке қатысты мәселе жоқ емес. Бұл бағытта арнайы тілдік комиссия құрылған. Сол комиссия оқулыққа енгізілетін сөздерді бекітіп, жаңа сөздердің бірізділігі қатаң сақтамақ.

Биыл оқулық жазушы авторлардың әлеуетін арттыру үшін жоғары оқу орындарында "оқулықтанушы" мамандығы енгізілген.

"Оқулық авторларын дайындауға қатысты үлкен жұмыс басталды. Биыл оқулық жазуды бірізге салу мақсатында оқулық авторларына білім беру қолға алынды. Қазір оларға екі педагогикалық мекемеде дәрістер оқылып жатыр. Оқулық авторы атанғысы келетін 400-ден астам үміткер білімін жетілдірді. Сонымен қатар оқулық жазу әлеуетін көтеру мақсатында "Оқулықтанушы" деп аталатын мамандық енгізу қолға алынды. Бұл келешекте оқулық сапасын арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз", – дейді ғылыми-практикалық орталықтың директоры.

Ғани Бейсенбаевтің сөзінше, қазіргі кезде баспаханалардың жауапкершілігі арта түскен.

"Оқулықтарда кететін қателер тікелей баспаның құзыретінде. Оқулықта қате кеткен жағдайда оқулықты баспа түгелдей өз есебінен алмастырады. Баспалармен келісімшарт түзу барысында оқулық сатып алатын жергілікті әкімдіктер міндетті түрде осы мәселеге көңіл аударады. Оқулық шығаруға қатысты қағидаға да биылдан бастап осы ереже енгізілді. Баспалардың жауапкершілігі күшейді. Бұдан былай оқулықта қате кететін болса, баспа оны міндетті түрде өз қаржысы есебінен түгелдей алмастырады", – деп түсіндірді орталық басшысы.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу