Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар Қытайға барар алдында арнайы карантиннен өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Арнайы карантиндік аймақтар екі қалада – Нұр-Сұлтан мен Алматыда ұйымдастырылған. Екі апта бойы "Алау" мұзайдыны сарайының базасында конькимен жүгіру спорты мен шорт-тректен командалар жаттығады. Спортшыларға тек орналасу үшін ғана емес, сонымен қатар толыққанды жаттығу процесін ұйымдастыру үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.
"Біз үшін басты міндет – спортшылар мен команда мүшелерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, әсіресе вирустың жаңа толқынына тап болған кезде. Бұл ерекше жауапкершілікті және жоғары деңгейдегі үйлестіруді қажет ететін күрделі міндет. Команда мүшелерінің сыртқы әлеммен байланысын болдырмау үшін екі қалада спортшыларға карантин ұйымдастырылды. Спортшылар жаттығу алаңдары мен сол жерде орналасқан қонақ үй арасында бір бағытты ұстанады. Біз барлық спортшыларымызды Бейжіңдегі Олимпиада ауылына аман-есен жеткізіп, сол күйі үйлеріне қайтаруымыз керек", – деді Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.
Карантин жабық формат бойынша ұйымдастырылған: құраманың өкілдері "Алаудан" тыс кете алмайды. Барлық қозғалыстар тек жаттығу залына бару және тамақтанумен ғана байланысты. Мұз сарайының 14 қызметкерлері де атлеттер секілді спорт кешенінінде тұрып жатыр.
Шорт-тректен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Денис Никиша карантин жаттығу процесіне ешқандай әсер етпейтінін, керісінше оған көңіл аударуға көмектесетінін, сапалы дайындық үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
"Біз "Алауда" тұрып, жаттығып жатырмыз. Өз командамыздан басқа ешкіммен көріспейміз. Мұнда бізге барлық жағдай жасалған. Тамақтандыру да жақсы. Карантин жаттығу процесіне ешқандай әсер етпейді, керісінше назар аударып, тиянақты дайындалуға көмектеседі. Бізге ешкім кедергі жасамайды. Бүкіл жолымыз қонақ үй-мұз-қонақ үй маршрутынан тұрады. Біз үнемі маскамен жүреміз. Көшеге шығуға болмайды. Өзімізді ғаламтормен, кітаптармен алаңдатуға тырысамыз. Бейжіңге аттанғанға дейін осында боламыз. Жалпы бәрі жақсы. Барлық жағдайдың жасалғаны қуантады", – деп бөлісті спортшы.
Алматы карантиндік аймағына тау шаңғысы, фристайл-могул, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысы командалары жатады. Спортшылар халықаралық турнирлерде өз өнерлерін аяқтап, карантинге қосылды, онда олар Бейжіңге аттанған сәтке дейін орналасатын болады.
Командаларға тау жаттығулары мен трамплинде дайындық қажет, сондықтан оларды жаттығу аймақтарына тасымалдау үшін аралық аялдамаларсыз "таза" көлік ұйымдастырылады. Карантин аймағында жұмыс істейтін барлық көлік жүргізушілері мен қызметкерлері де "таза" аймақта тұрады және ПТР сынақтарын үнемі өткізіп тұрады. Сыртқы ортамен барлық байланыстар шектелген. Бірақ жаттығулар жоспарланған режимде өтеді.
"Біз Канада мен АҚШ-тан қайтып келдік. Онда әлем кубогінің лицензиялық кезеңдері өтті. Мен әрқашан карантинді қолдаймын, әсіресе үйде. Біріншіден, ол Олимпиада ойындарының режиміне дайындалуға, жинақталып, тағы да бәрін ойлап-саралауға және жіберілген қателіктерді түсінуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл бүгінде инфекция қаупін болдырмаудың негізгі құралы. Біздің дайындықты қамтамасыз ететін барлық тараптар процеске толығымен қатысуда. Біздің барлық қажеттіліктеріміз ескерілді. Шымбұлақ трассасы, қонақ үй спорт залымен жабдықталған. Артық байланыс жоқ. Жаттығу жасап, режимді сақтаңыз болғаны. Жалпы бәрі біз үшін және біздің жақсы нәтижеміз үшін. Бейжіңге деніміз сау болып аттану өте маңызды. Сондықтан біз карантиннің барлық нұсқауларын орындаймыз", – деді фристайл-могул командасының бас жаттықтырушысы Елена Круглыхина.