Беларусьтегі ереуілдер ортақ жобаларға әсер еткен жоқ – министрлік

610

Ауыл шаруашылығы техникасын құрастырумен айналысатын кәсіпорындар әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр.  

Беларусьтегі ереуілдер ортақ жобаларға әсер еткен жоқ  – министрлік

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырумен айналысатын қазақстандық-беларусьтік кәсіпорындарға арналған бөлшектердің жеткізілімі тоқтаған жоқ. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Ресми дерек бойынша, қазір елімізде Беларусь компанияларымен бірлесе құрылған үш кәсіпорын бар. Көкшетаудағы "Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация" ЖШС мен Семейдегі "СемАз" ЖШС Минсктегі трактор зауытымен серіктестік орнатқан. Қостанайдағы "АгромашХолдинг" АҚ болса, "Гомсельмаш" зауытымен бірлесе ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырумен айналысады. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Беларусьте қазақстандық кәсіпорындар жоқ. 

Еске сала кетейік, 9 тамызда Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Саяси додада қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. Оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп, қайтадан сайлау өткізуді талап етіп отыр. 

Беларусьтегі бірқатар кәсіпорын мен басқа да ұйымдар сайлау қайтадан өткізілмейінше ереуілдетінін мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

Фото:mlyn.by

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу