2019 жылдың 10 айында 18 млн-нан астам теміржол билеті сатылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 2019 жылы 1 шілдесінен бастап электронды билет сатудың жаңа жүйесі енгізілген болатын. Ол отандық "Мобиус" фискалды компьютерлік бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Жаңа жүйе бойынша бір бағытқа бір мезетте 5 реттен артық тапсырыс берген кезде, касса аз уақытқа (5 минуттай) бұғатталады, яғни жүйеге түскен билетті лезде "қағып" алу енді мүмкін емес, сондай-ақ, қайтарылған және бронь бойынша пайдаланылмай қалған билеттер тікелей Күту парағына түседі. Ал билеттерді сату көздері ұлғайды (интернет -сайт, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, пошта бөлімшелері арқылы).
Енгізілген жаңа қызмет – Күту парағы бойынша 2019 жылдың шілде айынан қазан айына дейін жолаушылар 76 611 билет сатып алған. Сонымен қатар, биылғы жылдың 10 қазанынан бастап орын брондау фактісін растау бойынша SMS-хабарлама енгізілді.
Жалпы 2019 жылдың 10 айында 18 млн 21 мың билет сатылды.