Бұйрықта борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг, оның нәтижелері рәсімді тоқтатуға немесе банкрот міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болатын, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтаруы мақсатында жеке мүдделері үшін жасаған әрекеттеріне тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайтыны көрсетілген.
Борышкердің соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін жүргізу кезеңінде борышкердің тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.
"Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары:
- соттан тыс және (немесе) сот арқылы банкроттық рәсімін қолданылғанға дейінгі соңғы 3 (үш) жылға – соттан тыс банкроттық қолданылған және (немесе) сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
- соттан тыс және (немесе) сот арқылы банкроттық рәсімі кезеңінде – тоқсан сайын, есепті кезең аяқталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде борышкердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу арқылы оның кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерін анықтайды", - делінген құжатта.
Бұдан басқа борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің бар екендігін куәландыратын деректерге мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иеленуіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою; мүлік туралы мәліметтерді көрсететін құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау жатады.
Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде, ҚР заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдарында, сот органдарында бар борышкерге қатысты деректер мен құжаттарды зерделеу және талдау арқылы анықталады.
"Қажеттілік туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерін және төлем қабілетсіздігінің туындау себептерін объективті бағалауға қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға, шет мемлекеттердің ұйымдарына сұрау салу жібереді",- делінген бұйрықта.
Құжатты жария талқылау 8 ақпанға дейін жалғасады.