Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі алынды

1313

Биыл табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Браконьерлерден 1571 ақбөкен мүйізі алынды

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ақпаратынша, биыл (1571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды) өткен жылмен салыстырғанда (25 браконьерлік фактісі, 530 мүйіз бен 650 тұтас ет алынды) браконьерлік фактісі көп тіркелген. Бұған мемлекеттік органдардың қылмыстық топтардың жолын кесуде атқарған жедел жұмыстары әсер етіпті.

"Жалпы алғашқы жатыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3 748 оқиғасын анықтады. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте жалпы айыппұл сомасы – 44 млн теңге, залал сомасы – 1,6 млрд теңге. Өткен жылғы осы кезеңді салыстыру үшін алсақ, 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы 45,6 млн теңге, залал сомасы 870 616,2 мың теңге",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу