Бұғы өсіргендер кооперацияға бірігу арқылы субсидия ала алады

1174

Бұғы өсіргендер кооперацияға бірігу арқылы субсидия ала алады

Ал Шығыс Қазақстан облысында марал шаруашылығы дамуда. Тіпті оның Республикалық палатасы да құрылып отыр. Дегенмен, жануардың бұл түрін бағудың өзіндік қиындықтары да баршылық. Сондықтан өңірдегі марал қожалықтары кооперация құруға ниеттеніп отыр. Шаруалар бірігудің берекесі бар дейді. Әйтпесе, соңғы уақытта жағдай қиындап, кедергілердің бастан асқанын айтады. Жем-шөп пен дәрі-дәрмек дайындау, техника алудың өзі біраз қаражатты талап етеді. Жалпы өңірде кербұғы өсірумен айналысатын 19 шаруашылық бар. Басым бөлігі Катон-Қарағай ауданында орналасқан. Облыс бойынша барлық марал саны 10 мыңға жуықтайды. Егер кооперация құрылса, онда бюджеттен субсидия алуға да мүмкіндік тумақ.

Ғайнұр Тоқтаров, шаруа:

"Кооператив құрсақ, бірлесіп жұмыс істейміз. Өнімді бірге сатып, экспорттан өзіміздің ішкі нарыққа бұрмақпыз. Бұл дегеніміз, біріншіден - шаруашылықтардың өнімі жақсы сатыла бастайды, себебі сату нарығы тұрақты болады. Сонымен қатар, Қазақстан көрше Ресей елінде тұратын халық пантының арқасында денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу