Былтырғы дағдарыста құрылыс саласында ғана еңбек өнімділігі едәуір өскен

712

"Коронадағдарыс" атауымен тарих қойнауына еніп бара жатқан 2020 жылы елде еңбек өнімділігінің едәуір төмендегені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Былтырғы дағдарыста құрылыс саласында ғана еңбек өнімділігі едәуір өскен

Зерттеу материалдарында аталып өткендей, еңбек өнімділігінің индексі былтыр 97,5% көрсеткен. Яғни бұл көрсеткіш 2,5% төмендеген. Жалпы бұл салада дәл мұндай құлдырау деңгейі 2014-2016 жылғы дағдарыстан бері тіркелмеген.

"Әйтсе де құрылыс саласында еңбек өнімділігінің өсімі бірден 12% өскен. Бұл көрсеткіш елдегі басқа көрсеткіштерден қарағанда едәуір көп екенін атап өту керек. Мәселен, өнеркәсіп саласында еңбек өнімділігі 0,1%, ал ауыл шаруашылығында 4,9% құраған болатын. Оның үстіне дағдарысқа қарамастан құрылыс секторы телекомды да басып озған. Карантин шектеулері мен онлайн оқу және жұмысқа халық жаппай көшіп жатқан кезде телеком орасан зор қарқынмен дами бастаған еді. Осылайша, ақпарат және байланыс саласындағы еңбек өнімділігі 10,1% құраған", - делінген зерттеуде.

Құрылыс секторы Қазақстандағы еңбек нарығына зор ықпал етеді. Секторда жұмыс істейтін адамдардың саны осы жылдың бірінші тоқсанында 630,8 мың адамнан асқан. Бұл – елдегі еңбектенген халықтың 7%-ы.

Секторда тізім бойынша жұмыс істейтін адамдардың саны 148,1 мың адамды құраған. Одан бөлек 40 мың адам құрылысқа тікелей байланысты салада, атап айтқанда құрылыс, резеңке және пластмасс материалдарының, құбырдың, металл жарақтарыныңң өндірісі саласында жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу