Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жектен кейін IBF рейтингіне енді

368

Данияр Елеусіновтің кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегі биылғы қараша айының соңында өтті.

Данияр Елеусінов титулдық жекпе-жектен кейін IBF рейтингіне енді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) әртүрлі салмақ категориясындағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақта IBF рейтингіне қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) енді.

Еске сала кетейік, биылғы қараша айының соңында Д.Елеусінов екінші раундта Джулиусо Индонгоны (23-3, 12 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, IBF Inter-Continental чемпионы вакантты белбеуінің иегері атанды. Осы жеңісінен кейін ол рейтингіде 9-орынды иеленді.

Айта кетейік, бұл Данияр Елеусіновтің кәсіби мансабындағы алғашқы титулдық жекпе-жегі болатын. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Эдди Хирн Даниярды шаршы алаңда америкалық нокаутер Вирджил Ортиске (16-0, 16 КО) қарсы көргісі келетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу