Дарынды балаларға конкурссыз гранттар беріледі

918

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында саладағы жаңа мақсаттар мен міндеттер туралы баяндама жасады. 

Дарынды балаларға конкурссыз гранттар беріледі

"Оқушылар сарайлары, музыка және көркемөнер мектептерін жекешелендіруге жол бергізбеу нормаларын енгізу бойынша жұмыс жүргізудеміз. Балаларды үйірмелер мен курстармен неғұрлым көбірек қамту үшін алғаш рет биыл қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс орналастыру механизмі іске асырылады. Алғаш рет ерекше балақайларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау үшін мемлекеттік тапсырыс енгізіетін болады", – дейді Аймағамбетов.

Дарынды балаларды қолдау үшін биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай жоғары оқу орындарына гранттар, сондай-ақ оларға және олардың педагогтеріне арнайы сыйақы берілетін болады.

"Келесі маңызды мәселе – тәрбие жұмысы. Бұл орайда біз бүгінгі күні білім мекемелерінде орын алған іс-шараларды көптеп өткізуден бас тартып, жобалық ұстанымға ауыстыратын боламыз. Ол жүйелі түрде тәрбиелік мақсатқа бағытталған дебаттық қозғалыс, кітап оқу, театр, музейлерге бару, өзін өзі басқару, қоғамға қызмет сияқты жобалар арқылы үнемі тәрбиелеуді іске асырамыз. Сонымен қатар ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттарының форматтарын өзгертеміз", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу