"Мен үшін "Рухани жаңғыру" – дұрыс идеологиялық тұғырнама. Ол тек мемлекеттің ғана емес, халықтың да жұмысы. Қарапайым мысал келтіргім келеді. Жауабым "мэмге" айналып кетуі мүмкін екенін білсем де, өз ойымды жобалап айтып көрейін. Менің түсінігімде "Рухани жаңғыру" мынау: адам автобусқа кіріп, қолына оқулық немесе смартфонын алып, жол бойы өзіне пайдалы ақпарат оқиды. Ал шығар кезде орнын жиыстырып, соңына қалдық қалдырмайды. Ал жол ақысын кондурсыз-ақ өз бетімен төлейді. Жол ақысын төлету үшін оны ешкім мазалап, соңынан жүргірмейді. Автобустан түсіп бара жатып, кіріп келе жатқан егде адамдардың мінуіне көмектеседі. Аялдамада біреу абайсызда аяғын басып кетсе, жанжал шығарып, дөрекілік көрсетпейді. Екі тарап та бір-біріне жимып қана кешірім сұрайды. Ол осылайша жұмысына барады. Меніңше, біздің қазақстанддық санамыздың жаңғыруы деген осы. Өзара сыйластық, жаңа білімге талпыныс, ішкі жандүниемен бірге көшені, үйіңнің кіреберісін таза ұстау мен үшін "Рухани жаңғыру", – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.