ДЭФ 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша есепті жариялады

5004

ДЭФ 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі  бойынша есепті жариялады

2018 жылғы 17 қазанда Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2018 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБҚИ) бойынша жыл сайынғы есепті жариялады.

2008 жылы басталған әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарын және төртінші индустриялық революцияның (4ИР) дамуын ескере отырып, 2018 жылы ЖБҚИ әдіснамасы айтарлықтай өзгертілді.  

Жаңа ЖБҚИ 4.0 әдіснамасына сәйкес статистикалық индикаторларға негізгі екпін жасалды (олардың үлесі 70%, ал сауалнамалық индикаторлардың үлесі 30% құрайды). Сонымен қатар, барлық факторлардың үлестері бірдей.  

ЖБҚИ есебінің құрылысы мынадай 12 фактордан тұрады: "Инфрақұрылым", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)", "Макроэкономикалық тұрақтылық", "Денсаулық", "Білім және дағдылар", "Тауарлардың нарығы", "Еңбек нарығы", "Қаржылық жүйе", "Нарықтың өлшемі", "Бизнестің қарқындылығы" және "Инновациялық әлеует".

ЖБҚИ 2018 есебінде бағаланатын елдердің саны 140 елді құрады, олар әлемдегі барлық халықтың 94% және әлемдік ЖІӨ 98% қамтиды. ЖБҚИ 98 көрсеткіштерге шақталады, олардың арасында 54 көрсеткіш халықаралық ұйымдардың деректеріне негізделеді, ал 44 көрсеткіш ЖБҚИ сауалнамасына негізделді.

Биылғы жылы рейтингте Америка Құрама Штаттары бірінші орынды алды, бұл рейтингке соңғы 5 жыл ішіндегі көшбасшылардың үштігі кірді. Рейтингтің көшбасшылары болып Сингапур, Германия, Швейцария және Жапония қалды.

2018 жылғы рейтингтің нәтижелері бойынша Қазақстан 61,8 орташа баллымен 59-шы орынды иеленді, яғни 2017 жылғы жайғасымда қалды.

Бәсекеге қабілеттіктің 12 факторының арасынан 5 фактор бойынша жақсартулар орын алды, яғни 4 фактор бойынша төмендеді және 3 фактор бойынша жайғасымдар төмендеген жоқ. 98 индикатордың арасынан 50 индикатор бойынша жақсартулар орын алды, 34 индикатор бойынша нашарлады және 14 индикатор бойынша өзгерістер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу