Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге құйылған инвестиция көлемі артты

775

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 168,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 18,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz айтына сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге құйылған инвестиция көлемі артты Фото: scientificrussia.ru

Өңірлік бөліністе инвестициялардың ең көп көлемі Астанаға тиесілі (51,1 млрд теңге). Үштіктер қатарында Жамбыл (15,6 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (15,3 млрд теңге) облыстары бар. Капитал салымының ең аз сомасы Атырау (447,6 млн теңге) және Ұлытау (496,6 млн теңге) облыстарында тіркелді.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына салынған инвестициялардың ең көп көлемі жергілікті бюджеттер есебінен (53,7 млрд теңге) және кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен (53,4 млрд теңге) қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджет есебінен инвестициялар 35,1 млрд теңгені құрады, банктік емес қарыз қаражаты – 21,5 млрд теңге, банк несиелері – 5,2 млрд теңге.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы орташа айлық атаулы жалақы осы жылдың үшінші тоқсанында 245,2 мың теңгені құрады. Бұл орташа республикалық мәннен 18,2%-ға аз (299,8 мың теңге).

Сектордағы жалақының сатып алу қабілеті былтырғыға қарағанда 6,4%-ға төмендеген. Осы тұста жалпы республика бойынша көрсеткіштің өсімі 5,8%-ды құрады.

Өңірлік бөліністе бұл саладағы ең жоғары жалақы Астана қаласында тіркелді (313,7 мың теңге). Бұл ел бойынша сектордағы орташа жалақыдан 27,9%-ға көп. Ең төменгі көрсеткіш Шымкентте байқалып отыр (212,7 мың теңге).

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу