Deutsche Bank КҚК операторымен жұмыс істеуден бас тартты

524

Консорциум ешқандай халықаралық санкцияларға ілінбегіннің өзінде банк осындай шешім қабылдады.  

Deutsche Bank КҚК операторымен жұмыс істеуден бас тартты Фото: sagatelecom.ru

Каспий құбыр консорциумының есебінде Deutsche Bank AG "КҚК-Р" АҚ ресейлік заңды тұлғасымен жұмысын тоқтатты деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

"Есепті кезеңде АҚШ долларындағы ақшалай қаражат Ресей Федерациясында да, Ұлыбританияда да банктерге жіберіліп отырған. 2022 жылдың қазан айынан бастап Deutsche Bank AG (Лондон) "КҚК-Р" АҚ-мен ынтымақтастықтан бас тартты, - делінген РБЕС бойынша "КҚК-Р" есебінде.

Консорциум ешқандай халықаралық санкцияларға ілінбеген. Соған қарамастан, оның шетелдік серіктестермен байланысы қиындай түсті. Атап айтқанда, КҚК жабдықтарды жеткізу мәселелерін шешуде Қазақстан билігінің көмегін қажет етті, – деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" қазақстандық мұнай-газ компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев ЕО, АҚШ пен Ұлыбританиямен тиісті консультациялар жайлы айта келе.

"КҚК-Р" есебінде банктер мен контрагенттерге қатысты батыстық санкциялармен байланысты тәуекелдерді әртараптандыру және жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы міндеттемелердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін 2022 жылы консорциум Райффайзенбанкте, Газпромбанк пен Росбанкте шоттар ашқаны атап өтілді.

Сондай-ақ, құжатта 2022 жылғы наурыздан бастап компания сатып алған сақтандыру өтемінің 100%-ы "Ресей ұлттық қайта сақтандыру компаниясы" АҚ-ның қатысуымен ресейлік сақтандыру нарығына берілгені хабарланды. Бұрын сақтандырудың 99%-ы халықаралық нарықтарда қайта сақтандыру компаниялары арасында орналастырылған.

КҚК құбыры Қазақстанның батысындағы мұнай кен орындарын және Каспий қайраңындағы Ресей кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Оның ұзындығы 1511 шақырымды құрайды. Қазақстанның құбыр арқылы айдалатын мқнай көлемінің 80%-дан астамын қамтитын жүйе - қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты. 2022 жылы құбыр экспортқа 58,7 млн тонна мұнай тасымалдауды және жөнелтуді қамтамасыз етті, бұл 2021 жылғы деңгейден 3,3%-ға аз.

КҚК акционерлері: Ресей Федерациясы ("Транснефть" басқармасында 24%, балансында 7%) – 31%, Қазақстан ("ҚазМұнайГаз" ұсынған – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC ұсынған – 1,75%) – 20,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12.5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, Eni International N. A. N. V. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Бұған дейін КҚК "Теңізшевройл" үшін басты экспорттық бағыт болып қалатыны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу