Дмитрий Рейхерд әлем кубогінің іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады

572

Швецияда фристайл-могулдан әлем кубогінің екінші кезеңі басталды. 

Дмитрий Рейхерд әлем кубогінің іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады

Ерлер арасындағы іріктеу қорытындысы бойынша, екі қазақстандық спортшы финалға жолдама алды деп жазады Olympic.kz. 

Команда үздіктерінің бірі Дмитрий Рейхерд 82.21 ұпай алып, іріктеу айналымын бірінші орынмен аяқтады. 

Сондай-ақ, финалға жолдама алған 16 спортшының қатарында Павел Колмаков та бар. Ол сегізінші орыннан көрінген. 

Өкінішке қарай, Қазақстан командасының мүшелері Сергей Романов, Олег Цинн мен Антон Бондаревтер іріктеуден әрі аса алған жоқ. 

Финалдық кезең 12 желтоқсанда өтеді.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу