АҚШ президенті Дональд Трамп бір жылда табатын 400-450 мың доллар көлеміндегі жалақысын Covid-19 пандемиясымен күреске біртіндеп бөлмек. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі парақшасында мәлім етті.
Оның айтуынша, бұған дейін ол қаражатты елдегі Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің коронавирус індет бойынша бөліміне берген екен. Трамп биылғы жылдың бірінші тоқсанында алған 100 мың доллар мөлшеріндегі еңбекақысын инфекцияға қарсы дәрі-дәрмек жасайтындарға тағайындаған.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметі бойынша, Құрама Штаттарда осы күнге дейін 1,64 миллион адам вирус жұқтырған. Оның 97,7 мыңы аурудан қаза тапқан.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу