Заманауи инфрақұрылым, автоматтандырылған жүйе, жаңа техника. Жабдықталған "Dostyk TransTerminal" компаниясы аз уақытта әлемдік нарыққа шығып үлгерді. Қытайдан тиелген жүк тар табанды жол пойызы арқылы Қазақстан шекарасына өтіп, кейін кең жолтабанға ауыстырылады. Осылайша, көршілерімізден бөлек алыс Еуропа елдеріне жол тартады.
"Жоба 4 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі өткен жылы мамыр да іске қосылды. Қазанда екіншісіне аяқ бастық. Бастапқы жылдық қуаты 100 мың контейнер, бұл дегеніміз күніне 7-8 пойызды тиеп, жөнелту болатын. Ал қазір біз жоғары көрсеткішке қол жеткіздік. Күніне 12-14 пойызға дейін қабылдап, жылына 200 мың контейнерге қызмет көрсете алатындай әлеуетіміз бар", – дейді "Dostyk trans terminal" ЖШС Бас директоры Бауыржан Дүзбаев.
Достықтағы терминалға келетін жолдар негізгі магистральдан дербес орналасқан. Бұл уақыт үнемдеуге таптырмас мүмкіндік. Осындай нәтижеге жету үшін 13 шақырым жаңа жолторап салынды. Қазір терминалдың аумағы кеңейгенімен жүкті тиеп-түсіруде аса қиындық жоқ. Өйткені жұмыс толық автоматтандырылған. Барлығы бір ғана планшетпен басқарылады.
"Менің міндетім жүкті тиеу, диспечер планшетімізге тастайды қай контейнер қай фитингіге тиелетінін тастайды. Біз сол арқылы диспечермен тікелей жұмыс жасаймыз. өте жеңіл, біз көп іздемейміз, осы арқылы бәрін тауып аламыз. Қағаз жүзінде басқа жүзінде қарағанда осы планшетпен тез жүйе", – дейді жүк тиеу операторы Жандос Нұрмұхамедов.
Кедендік бақылау аумағында жазғы уақытта 1 500, қыс мезгілінде 1 000 контейнер сақталады. Ал Терминалдың үшінші кезеңі жұмысын бастағанда жүктерді сақтау көлемі әлдеқайда өспек.
"Басқа терминалдарға қарағандағы біздің үстемділік – мысалы құжаттар берілген кезде әрбір контейнердің ерекше, айрықша қосымашалары болады. Мысалға, тез бүлінетін тағам десе, бізде соларға арналған эстакадалар бар. Ол респрежаторлық контейнерерді тоққа қосады. Тапсырыс бойынша, ол контейнерлерді қабылдап алып, ақауларын тексеріп, одан кейін тоққа қосамыз. Одан бөлек біздің артықшылығымыз, пойызды түгел қабылдаймыз", – дейді "Dostyk trans terminal" ЖШС Бас инженері Жаннұр Сматаев.
Достық стансасында бұдан өзге мұндай 3 логистикалық терминал бар. Бірақ бірде-бірінің "Dostyk trans terminal" сынды пойызды толық құрамда қабылдауға әлеуеті жетпейді.
Айтпақшы, компания тағы да 2 жүк көтеру техникасын сатып алған. 2025 жылы кеңею кезеңінің 3-бөлігі аяқталса, серіктестік жылына 400 мың контейнерге дейін жүк тасымалдамақ.