Ерлан Алпысбаев дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ал бүгінге дейін осы қызметті атқарған Марат Данайбаев аға бапкер міндетіне кіріседі, деп хабарлайды olympic.kz..
Ерлан Алпысбаев еліміздегі білікті бапкерлердің бірі. 2011-2017 жыл аралығында Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы қызметін атқарды.
Қ. Ахметов атындағы мамандандырылған республикалық мектеп-интернатында да бапкерлік міндет атқарды.
2017-2019 жылдар аралығында Алпысбаев жастар құрамасын жаттықтырған болатын. Осы аралықта қазақстандық дзюдошы қыздар әлем чемпионатында бір күміс иеленсе, Азия біріншіліктерінде төрт алтын, бес күміс және жеті қола медаль еншіледі.