Экологтар Ертіс өзенінде балықтың азайып кетуіне алаңдаулы

287

Жыртқыш құстар 130 тонна балықты жойған.

Экологтар Ертіс өзенінде балықтың азайып кетуіне алаңдаулы Фото: Inbusiness.kz

Ертіс өзенінде балық азайып барады. Су жәндіктерінің басты жауы кәнігі браконьерлер болса, кейінгі кездері су құзғындары қырғидай тиіп тұр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тек былтырдың өзінде жыртқыш құстар Павлодар облысында 130 тонна балықты жойған. Ал, қоршаған ортаны қорғауға арналған үш жылдық бағдарламада су жәндіктерін сақтау туралы бір сөз жоқ. Осыған наразы экологтар құжатты қайта қарау керек дейді.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламада Ертіс өзеніндегі балықтарды сақтау туралы тұшымды жоспар жоқ. Керсінше, "көлдер мен тоғандарға бейім су жәндіктерін өсіреміз" деп көрсеткен. Эколог мамандар Ертіс өзенінде бұған дейін тіршілік етіп келген балық түрлерін көбірек өсірген жөн дейді. Ал, тұқы тұқымдас балықтардың тұрағы тоқтау сулар.

"Ол ең алдымен балықшыларға өнім бермейді. Екіншіден, олар Ертіс өзеніндегі  бұған дейін тіршілік ететін балықтардың басқа түрлеріне бәсекелес болады. Жалпы, мен Ертіс өзеніне тұқы, сазан балықтарын өсіруге қарсымын", - дейді Биология және экология ғылымдарының кандидаты Александр Убаскин. 

Кейінгі кезде Ертіс өзенінде балық азайып кетті. Оған бірнеше фактор себеп. Біріншіден, браконерьлер толастамай тұр. Су құзғындары да жылына тонналап балықтарды қылғытады. Ал, биыл көктемде өзен суының арнасынан асып жайылмауы балықтардың уылдырық шашуына кедергі келтірді. Әйтсе де, құзғындарды қыруға қарсылар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу