Эксперимент: Пиротехника қыстырылған манекен қалай өртенеді?

720

Құтқарушылар нұсқаулыққа сүйенбей отшашу ату қаншалықты қауіпті екенін сынап көрді. Оған арнайы манекен пайдаланылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Эксперимент: Пиротехника қыстырылған манекен қалай өртенеді?

"Пиротехникалық бұйымдардың көпшілігінде секундына 3-5 миллиметр жылдамдықпен күйіп кететін ұзын жіңішке жіп бар. Қауіпті аймақтың радиусы – 60 метр. Бенгал оттары да қауіпті, өзектің бойындағы температура екі мың градусқа дейін жетеді. Егер оның ұшқыны кілем секілді жанғыш затқа түссе, қауіп тіпті күшейеді. Петардалардың негізін жанғыш заттар мен тотықтырғыштардың жарылыс қаупі бар қоспалары құрайды", – дейді ШҚО төтенше жағдайлар департаменті мамандары.

Нұсқаулықсыз жарылған отшашудан кейін манекен қалай өртенгенін суреттен көруге болады.

Олардың айтуынша, мұндай жағдайда өрт шыққан болса, әсіресе отшашулардың өткір түтіні адамға қатты әсер етеді.

Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында пиротехниканы пайдалану кезінде келесі ережелерді сақтауға кеңес береді:
- мұқият болу;
- ешқандай жағдайда балаларға отшашулар сатпау;
- фейерверк жағатын орынды дұрыс таңдау (Ашық алаң, ағаштар жоқ алаң болуы керек. 50 метр радиуста құрылыстар, тұрақтар, ғимараттар және басқа да өртену қаупі бар объектілер болмауы тиіс. Көрермендер кемінде 35-50 метр қашықта тұруға тиіс);
- фейерверктерді ғимарат ішінде пайдалануға тыйым салынады;
- қатты жел кезінде де отшашуды іске қосуға тыйым салынады;
- өрт сөндіргіштерді адамдарға, жануарларға, автомобильдерге лақтыруға қатаң тыйым салынады;
- білтені тұтату кезінде оған жақын еңкейуге болмайды;
- жарылмаған бұйымдарға су құю.

Айта кетейік, пиротехниканы рұқсат құжаттарынсыз іске асырушылар Әкімшілік кодекстің 196, 483-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу