Елбасы Астанаға іссапармен келген Сербия президенті Александр Вучичке І дәрежелі "Достық" орденін табыс етті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Осыншама достық қарым-қатынасыңызды ескере келе, Сізді шетелдік достарымызға арналған ең жоғары награда - бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым", - деп Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі қонаққа награданы табыстады.
Ал Сербия президенті өз кезегінде елбасыға "Сербия Республикасы" орденін табыс етті.
Ақордада кездесу барысында мәртебелі мейман Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы зор үлесін атап өтті.