Экономиканың қадағаланбайтын секторын есепке алмағанда саладағы қызметтер 551,4 млрд теңге болды, бір жылда минус 41,1%.
Көрсетілген қызметтің барлық көлемінің үштен бір бөлігі Нұр-Сұлтанға
тиесілі 179,4 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 52,5%-ға аз.
Екінші орында Алматы тұр 171,1 млрд теңгеге қызмет көрсетілген, бір жылда минус 53,2%. Үздік үштікті Қарағанды облысы қорытындылады 27,2 млрд теңге, бір жылда минус 29,5%.
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша қызметтердің ең аз көлемі Түркістан облысында тіркелді: 3 млрд теңге, жылдық өсім – 18,9%.
Жамбыл облысында салада айтарлықтай өсім байқалған – 10,8 млрд теңге, өсім – 3,1 есе, ал ең көп қысқару – Алматыда.
Биыл қаңтар-маусымда көппәтерлі үйлер мен жекежайларды сатып алу және сату бойынша 33,8 млрд теңгеге, өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату бойынша 4,5 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.
Сектордағы барлық қызметтің үштен екісі жеке меншікті жалға алу және басқару үлесінде. Мұнда жарты жылда қызмет көрсету көлемі – 351,8 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 29,3%-ға аз.
Жалдау және қайта жалға беру, жалға берілген жылжымайтын мүлікті пайдалануда 81,7 млрд теңгеге, сыйақы немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару жөнінде 55,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілген.
Тұрғын үйді және өзге де өндірістік емес жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және жалға беру кезінде делдалдық қызметтер көлемі шамамен 19% (8 млрд теңге), өндірістік-техникалық мақсаттағы жылжымайтын мүлікпен ұқсас операциялар 3,6 есе (2,9 млрд теңге) өскен
Хабар24 телеарнасының мәліметінше, Қазақстанда ақша және мүлік операцияларына бақылау күшейеді. Енді жылжымайтын мүлік бойынша 50 млн теңгеге жасалған барлық мәміле тексеріледі. Осыған дейін 200 млн теңгеге жасалған мәмілелерге тексеру жүргізілетін.
Дәурен Ерболат