"ФинансОпто Групп" ЖШС-ны құрып, басшылық еткен Елена Колесникова жұрттан ақша алып, оларға үстемеақымен қайтарып отыруға уәде берген. Бірақ уақыт өте келе халықтың қаражатын қайтармаған. Сот барысында Елена Колесникованың Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан 752 адамды алдап, ақша алғаны белгілі болды.
Қылмыстық кодекске өзгерту енгізілуіне байланысты сотталушының жазасын өтеу мерзімі қысқарды. АК 159 / 9 калониясының бастығы Елена Колесниковаға қатысты жазаны жаңа заңға қатысты өзгертуді сұрап, сотқа өтініш тастаған.
"Сот қаулысына сәйкес, Октябрь аудандық сотының Елена Колесниковаға қатысты үкімі заңға сай қарастырылды. Жазасын өтеу мерзімі үкім күшіне енген күнге дейінгі уақыт яғни 2016 жылдың 15 қазанынан 2017 жылдың 26 қазан аралығындағы күндер бір тәулігі бір жарым тәулік болып есептелді",– деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.
4 жыл 5 ай мерзіміндегі жазаға кесілген Елена Колесникова 2021 жылдың мамыр айында бостандыққа шығуға тиіс еді. Енді ол сол мерзімінен шамамен үш ай бұрын ерте шығады.
Арайлым Еркебаева