Елеусіновтің жекпе-жек алдындағы салмағы лимиттен асып кетті

811

Отандасымыз Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. 

Елеусіновтің жекпе-жек алдындағы салмағы лимиттен асып кетті Фото: prosports.kz

Қазақстандық Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Отандасымыз Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек қазақстандық уақытпен 21 желтоқсанда таңда басталады. 

Елеусіновтің қарсыласы – 28 жастағы америкалық Алан Санчес (20-4-1, 10 КО). Екі боксшы да таразыда жартылай орта салмақ лимитінен сәл асып кеткен. Бірақ бұл титул сарапқа салынбайтын кездесулерлерде қалыпты жағдай. Таразыда Елеусінов 147,8 фунт салмақты көрсетсе, Санчес – 147,9 фунт. 

Естеріңізге салсақ, бокс кешін DAZN стримнг сервисі трансляциялайды. Басты кездесуде америкалық Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) жұдырықтасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу