Елімізде 1,5 мыңнан астам адам шашыраңқы склерозға шалдыққан

1521

Бүгін шашыраңқы склерозбен дүниежүзілік күрес күні.    

Елімізде 1,5 мыңнан астам адам шашыраңқы склерозға шалдыққан

Бүгін шашыраңқы склерозбен дүниежүзілік күрес күні өткізілуде. Невролог мамандардың деректеріне сүйенсек, елімізде 1,5 мыңнан астам адамда шашыраңқы склероз дерті анықталған. Ал әлемде бұл дертке шалдыққандар саны 2,3 миллионға жетеді және олардың қатары күн санап көбейіп келеді.

Шашыраңқы склероз – созылмалы неврологиялық ауру. Бұл ауру көбіне жас адамдарда олардың әлеуметтік және кәсіби белсенділігінің нағыз шыңында: 20 және 50 жас аралығында пайда болып, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Ерлерге қарағанда әйел адамдар бұл ауруға жиірек шалдығады екен.

Шаршаңқылық, ұмытшақтық, бастың айналуы, саусақ ұштарының жансыздануы, бұлшық еттердің ауыруы, тәлтіректеп жүру секілді әлсіз білінетін симптомдар – күрделі неврологиялық аурудың белгілері болуы мүмкін.

Аурудың пайда болу себептері әлі анықталмаған. Көптеген зерттеушілер аурудың себептерін күн сәулесінің әсерінен адамның ағзасында өндірілетін D дәруменінің жеткіліксіз болуымен байланыстырады. Ғалымдар солтүстік аймақтардағы адамдар бұл ауруға жиірек шалдығатынын анықтады.

"Шашыраңқы склерозды толық емдеу мүмкін емес, дегенмен уақытылы жасалған диагностика, дұрыс тағайындалған ем және ауруды кешенді басқару әдісі науқастарға толыққанды өмір сүруге көмектеседі", – дейді Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының бас неврологы, жоғарғы санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Бағыжан Сыздықова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу