Елімізде мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген заңгер көп

1907

Соңғы алты айда электрондық еңбек биржасында заңгерлерге арналған барлығы 1221 бос жұмыс орны ұсынылған. Ал бұл саладан жұмыс іздеп жүрген 4818 адам тіркелген.

Елімізде мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген заңгер көп

2019 жылдың І жартыжылдығында электрондық еңбек биржасындағы түйіндемелер мен бос орындар санының арақатынасына бойынша елімізде заңгерлер сұраныстан артық мамандықтардың алғашқысы болып тұр.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының мәліметінше, биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында заңгерлер берген 3,6 түйіндемеге сұраныс болмаған.

Айта кету керек, соңғы алты айда электрондық еңбек биржасында заңгерлерге арналған барлығы 1221 бос жұмыс орны ұсынылған. Ал бұл саладан жұмыс іздеп жүрген 4818 адам тіркелген.

Артық кәсіптердің бестігіне, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер (2,4 мыңнан астам түйіндеме), аспаздар (2 мың), компьютер техниктері (1,5 мың) және кеңсе қызметшілері (шамамен 1,5 мың) кірді.

Аз сұранысқа ие мамандықтардың ондығына экономист (1,2 мыңнан астам түйіндеме), шаштараз (1,2 мыңнан астам), қаржыгер (шамамен 1,2 мың), тігінші (1,1 мың) және технологтар (шамамен 1 мың) кірді.

Сондай-ақ, 2019 жылдың І жартыжылдығында жұмыс берушілер тарапынан сатушы-консультант, дене шынықтыру және спорт мұғаліміне, қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміне (орта мектеп), маникюр шеберіне, бухгалтер, кондитер, қазандық операторы, бастауыш сынып мұғалімі, бухгалтерлік қызметші, эколог, заңгер-кеңесші, инженер-экономист, техник-механик, педагог (бастауыш мектеп), визажистке де сұраныс төмен болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу